Сардар Жазайери: Батыс Азия аймағындағы қиыншылықтар Америкадан бастау алады
Иран қарулы күштері бас штабының орынбасары Батыс Азия аймағындағы барлық қиыншылықтардың Американың үстемшілдігінен бастау алатынын мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран ислам республикасы Қарулы күштері бас штабының орынбасары, бригада генералы сардар сейіт Масуд Жазайери АҚШ Мемлекеттік хатшысының жуықтағы мәлімдемесіне көрсеткен реакциясында: «Ирак, Ауғанстан, Сирия және Йемендегі қанқұйлы соғыстар, сионистердің Палестинадағы басқыншылығының жалғасуы, Саддамның Баас режимінің Иранға қарсы соғысы, Ливан мен Бахрейндегі қақтығыстар мен мыңдаған адамның өлімі мен жаралануына және бітпес ойрандықтарға соқтырған өзге оқиғалар Американың шайтандық билеуші тобының аймақтағы және аймақтан тыс іс- әрекетінің бір бөлігі ғана болып саналады.
Американың аймақтағы құзыры асқынған қатерлі ісік болып табылады. Оны емдеудің жалғыз жолы Американы аймақтан қуып шығу.
Иранда ешкім Америкаға өзінің уәдеге тұрмауын қорғаныстық мәселелері және қарсыласудың мүддесімен ұштастыруға рұқсат етпейді» деді.