Тыңшылық жасаған бес айыпкерге қатысты шешім шығарылды
Қаз 19, 2016 15:38 Asia/Almaty
ИИР Соты исламдық жүйені құлатуға әрекеттеніп, Иранның құпия мәліметтерін АҚШ үкіметіне жеткізген бес қылмыскерге қатысты шешім қабылдады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Соты сейсенбі күні «Иранға қарсы экономикалық санкциялардың бекітілуіне әсерін тигізгендердің қатарына кіретін қос азаматтыққа ие тыңшылар Мұхаммад Бақер Намази мен перзенті Сиамак Намази 10 жылға бас бостандығынан айрылды»,- деп жариялады.
Сонымен бірге ливандық азаматтық пен АҚШ-ның Грин картасына ие тыңшы Назар Зака және қауіпсіздікке нұқсан келтірмек болған екі айыпкер Фархад Абдсалех пен Әлиреза Умидвордың әрқайсы 10 жылдан қамауға кесілді.
Тегтер