Иран мұнай экспортын арттырады
(last modified Tue, 01 Nov 2016 11:00:50 GMT )
Қар 01, 2016 17:00 Asia/Almaty
  • Иран мұнай экспортын арттырады

ИИР-ның ұлттық мұнай компаниясының атқарушы директоры Иранның өзінің мұнай шығару мөлшерін арттыратыны туралы хабарлады.

«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ИИР ұлттық мұнай компаниясының атқарушы директоры Әли Кардар дүйсенбі күні Иранның шикі мұнай экспортының күніне  2,44 миллион баррельден асқанын және күніне бұл елде шамамен 4 миллион баррель мұнай шығарылатынын мәлімдеп: «ОПЕК ұйымының отырысы жақындап қалды. Иран бұл ұйымдағы өз үлесін қайтарудан еш уақытта бас тартпайды»,- деді.

Қазан айының 28-29 күндері Венада ОПЕК-тің жоғары комитетінің отырысы өтті. Бұл ұйымның техникалық отырысы қараша айының 25-26 күндері өтеді.

2011-ші жылы және Иранға қарсы санкциялар салынбай тұрып Иранның мұнай экспорты күніне 2,6 миллион баррельді құрап, шикі мұнай өндірісі күніне 4,3 миллион баррель болған.