13- ші абан күні АҚШ пен Израильдің жалаулары өртенді
«Әлемдік үстемшілдікпен күрес» ұлттық күні исламдық Иранның жер-жерінде АҚШ пен сионистік режимнің жалаулары өртенді.
Теһрандық шерушілер бейсенбі күні таңертең 13- ші абан (3-ші қараша) күніне байланысты Иранның түрлі қалаларында ауқымды шерулер өткізілуімен орайлас Теһрандағы АҚШ-тың бұрынғы елшілігі ғимаратының алдында АҚШ пен сионистік режимнің жалауларын өртеді.
13-ші абан шеруіне қатысушылар бүкіл Иранда «Америкаға өлім!» және «Израильге өлім!» деп ұрандар айтып, кез- келген зұлымдыққа қатысты ашу-ызалары мен жиіркеніш сезімдерін білдірді.
13- ші абан күнгі шеру барысында оқушылардың ұйымдары мәлімдемелер жариялап, ислам революциясының арман-мақсаттарын жалғастыратындықтары мен Американың жалған уәделеріне сенім артпау қажеттігін қуаттады.
Осыдан 37 жыл бұрын Иран студенттері АҚШ- тың Иран ислам революциясына қарсы түрлі астыртын әрекеттеріне наразылық ретінде Теһрандағы АҚШ-ның елшілігін басып алған болатын.