13- ші абан күні АҚШ пен Израильдің жалаулары өртенді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i17377-13_ші_абан_күні_АҚШ_пен_Израильдің_жалаулары_өртенді
«Әлемдік үстемшілдікпен күрес» ұлттық күні исламдық Иранның жер-жерінде АҚШ пен сионистік режимнің жалаулары өртенді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 04, 2016 10:04 Asia/Almaty
  • 13- ші абан күні АҚШ пен Израильдің жалаулары өртенді

«Әлемдік үстемшілдікпен күрес» ұлттық күні исламдық Иранның жер-жерінде АҚШ пен сионистік режимнің жалаулары өртенді.

Теһрандық шерушілер бейсенбі күні таңертең 13- ші абан (3-ші қараша) күніне байланысты Иранның түрлі қалаларында ауқымды шерулер өткізілуімен орайлас Теһрандағы АҚШ-тың бұрынғы елшілігі ғимаратының алдында АҚШ пен сионистік режимнің жалауларын өртеді.

13-ші абан шеруіне қатысушылар бүкіл Иранда «Америкаға өлім!» және «Израильге өлім!» деп ұрандар айтып, кез- келген зұлымдыққа қатысты ашу-ызалары мен жиіркеніш сезімдерін білдірді.

13- ші абан күнгі шеру барысында оқушылардың ұйымдары мәлімдемелер жариялап, ислам революциясының арман-мақсаттарын жалғастыратындықтары мен  Американың жалған уәделеріне сенім артпау қажеттігін қуаттады.

Осыдан 37 жыл бұрын Иран студенттері АҚШ- тың Иран ислам революциясына қарсы түрлі астыртын әрекеттеріне наразылық ретінде Теһрандағы АҚШ-ның елшілігін басып алған болатын.