Иранның Ресеймен әскери ынтымақтастықтары артады
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Иранның Ресеймен әскери ынтымақтастықтары кеңістігінде жарқын белестің пайда болғанын мәлімдеді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Қорғаныс министрі, бригада генералы сардар Хосейн Деһқан жексенбі күні Теһранда тілшілерге берген сұхбатта Иранның Ресеймен әскери ынтымақтастықтарының 2014 жылдан бері екі жақты қызметтер түрінде стратегиялық деңгейде жоғарылағанын айтты.
Бригада генералы Хосейн Деһқан Иран мен Ресейдің әскери ынтымақтастықтарының түрі туралы айтқан сөзінде: «Иран мен Ресей қажетті технология мен қару-жарақ сатып алу және жеткізу негізіндегі келіссөздерін бастады. Оы негізде жасалған келісімшарттар орындалып жатыр» деді.
Иранның Қорғаныс министрі сондай- ақ кейбір Батыс ақпарат құралдарының «Ресей Иранға «С-300» зымырандық құрылғысын беру туралы келісімшарттың күшін жойды» деген мәліметтерді теріске шығарды.