Велаяти: Үстемшілдермен күрес жалғасуда
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы үстемшілдер және Америкамен қарсыласу мен күрестің жалғасып жатқанын қуаттады.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти «Тасним» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иран ислам республикасы үстемшілдер және Америкамен қарсыласу мен күресті өзінің ажырамас болмысы санайды. Егер америкалықтардың Иран ислам республикасына қарсы тұруға шамасы жеткенде Иранмен келіссөз туралы бір ауыз сөз де айтпаған болар еді» деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Американың Иранға әскери тосқауыл қоюға шамасы келмейтінін қуаттап: «Иранға қарсы соғыс қоқан-лоққысының жойылуының «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасына еш қатысы жоқ, өйткені, негізінен, егер Америка елімізге соғыс ашу мүмкіндігіне ие болғанда, келіссөздер өткізбеген болар еді» деді.