ИИР президентінің Альборз облысы халқының алдында сөйлеген сөзі
ИИР президенті кәсіпорын иелері мен жоғары оқу орнындағылар, кәсіпкерлер мен елдің жалпы халқының бір-біріне қол ұшын беріп, мемлекет алдындағы қиыншылықтарды шешуі керектігін баса айтты.
ИИР президенті Хасан Рухани кеше, сәрсенбі күні Теһранның батысындағы Карадж қаласының халқы алдында сөз сөйлеп: «Барша халық бір- біріне қол ұшын беріп, Иранды көркейтіп, дамыту үшін талпыныс жасауы керек. Тұтастық пен бірлік, ирандық талант, ержүректілік пен білікті жетекші, үштік билік пен қарулы күштердің бірлігі және Иранды ілгерілету үшін талпыныс жасау халықтың ерекшеліктеріне жатады. Осы факторлар халықтың үстемшілдік пен отаршылдық, 8 жылдық басқыншылық соғыс пен 12 жылға созылған санкция кезеңінен өту үшін табыс факторы болып табылады.
Халық ояу және білікті. Статистикалық мәліметтер де исламдық Иранның ілгерілегенін көрсетеді. Барлық облыстарда дамуға қарай беталыс басталды» деді.