Иранның батыс шекаралары толығымен қауіпсіз
(last modified Sat, 19 Nov 2016 09:01:17 GMT )
Қар 19, 2016 15:01 Asia/Almaty
  • Иранның батыс шекаралары толығымен қауіпсіз

Иранның Байланыс министрі Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсімдері қарсаңында Иран мен Ирактың ортақ шекараларының қауіпсіз екендігін мәлімдеді.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иранның Байланыс министрі Махмұд Алави жұма күні Иранның батысындағы Илам облысының Мехран шекарасын аралауы кезінде: "Иранның тәртіп сақтау күштері «Арбағин» ерлігін тудыруда өзекті рөл атқарады. Шекарашылардың талпынысының арқасында шекараларда қауіпсіздік бойынша ешқандай мәселе жоқ" деді.

Алави миллиондаған адамның Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсіміндегі шерулерді қолдап отырғанын айтып: "Бұл теңдессіз қолдау Мехрандағы құрлық шекарасынан өтетін зияратшылардың санының артуына себеп болды» деді.

Иранның СІМ-нің паспорт және виза басқармасының төрағасы Моджтаба Карими жұма күні «Тасним» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Екі миллионнан астам адам тіркелу және басқа да заңды жолдар арқылы Хосейннің қырқы-«арбағин» рәсіміне қатысу мақсатында виза алды. Қалып қойған визалар да жасалып жатыр" деді.

Осындай жағдайда Ислам революциясы жетекшісінің Ирактағы  «Бесат» өкілдігінің басшысы Наджаф Наджафи ИРНА-ға берген сұхбатында: "Ирак халқы Хосейннің қырқы рәсімдерінде зияратшыларды жомарт қарсы алады» деді.

Сафар айының 20-шы жұлдызы (20 қараша 2016) әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет имам Хосейн (ғ.с.) мен адал серіктерінің Кербала даласында шәһид болуының қырқы-«арбағин» рәсімдері өтетін күн. Әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған мұсылмандар осы күнгі рәсімдерге қатысу үшін Кербалаға келеді.

 

Тегтер