Армияның бас қолбасшысы: АҚШ – Иран халқының бірінші жауы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i18358-Армияның_бас_қолбасшысы_АҚШ_Иран_халқының_бірінші_жауы
ИИР армиясының бас қолбасшысы Американы Иран халқының бірінші жауы және аймақтағы барлық ұлттар үшін қоқан-лоққы деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 21, 2016 16:47 Asia/Almaty
  • Армияның бас қолбасшысы: АҚШ – Иран халқының бірінші жауы

ИИР армиясының бас қолбасшысы Американы Иран халқының бірінші жауы және аймақтағы барлық ұлттар үшін қоқан-лоққы деп атады.

Иран армиясының бас қолбасшысы Әмир Атаолла Салехи Теһранда армияның құрлық күшінің бұрынғы қолбасшысы бригада генералы Ахмад Реза Пурдастанмен қоштасу және жаңа қолбасшы бригада генералы Киюмарс Хейдариды таныстыру рәсімінде: «Иран соңғы жылдар бойы аймақтағы өзге елдерге Американың саясаты мен бүгінде аймақ елдерінде орын алып жатқан қырғын мен ойрандықтарды сан рет ескертті» деді.

Дивизия басшысы Әмир Салехи Американың ешқашан Иранмен достық байланыс орната алмайтындығын баса айтып: «Кемеңгер жетекшінің болуы және ИИР қарулы күштерінің әлеуеттілігіне байланысты Америка Иранға қарсы күш қолдана алмай отыр, бірақ дұшпанның Иран ислам республикасына соққы беру үшін мұрсат іздеп отырғаны баршаға аян» деді.

ИИР армиясының бас қолбасшысы аймақ елдерін, соның ішінде Ирак, Сирия және Йеменді бөлуді Американың аймақта жанама түрде соғыс ашудағы саясатының мақсаты деп атап: «Осы жоба сәтсіздікке ұшырайды. ДАИШ лаңкестік тобы жақын арада жойылады» деп қуаттады.