Рухани: Пайғамбар әулетінің (ғ.с.) кесенелерін зиярат етушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жоспарлау қажет
(last modified Mon, 28 Nov 2016 10:48:20 GMT )
Қар 28, 2016 16:48 Asia/Almaty
  • Рухани: Пайғамбар әулетінің (ғ.с.) кесенелерін зиярат етушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жоспарлау қажет

ИИР президенті Хасан Рухани: "Басшылар оқиғаның орын алуының себептерін нақты зерттеуге, сондай-ақ, осыған ұқсас оқиғалардың алдын алу және болашақ үшін жоспарлау мақсатында қажетті шара қолдануға міндетті" деді.

Иран президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Хасан Рухани жексенбі күні кешке үкімет отырысында Хилладағы лаңкестік әрекеттер мен Иранда пойыздардың соқтығысуы оқиғасынан кейін ішкі және сыртқы сапарларда пайғамар әуетінің (ғ.с.) кесенелерін зиярат етушілердің  қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қуаттады.

Рухани Иран халқына, әсіресе, Табриз бен Хузистан және Шығыс Әзірбайжанның басқа да қалаларының діндар халқына көңіл айтып, пайғамбар әулетіне (ғ.с.) адалдық білдіру жолында қаза болған зияратшылар үшін Алладан кешірім мен жоғары мәртебе сұрап, басшыларды оқиғаның нақты себептерін зерттеп, осыған ұқас оқиғалардың алдын алу және болашақ үшін жоспар құру мақсатында қажетті шара қолдануға міндеттеді.

Президент сонымен қатар әскери теңіз күштері күнін ұлықтаумен қатар, осы күштердің Қасиетті қорғаныс жылдарындағы рөлін дәріптеп, таңылған соғыстың алғашқы айлары мен Қасиетті қорғаныс жылдарындағы және одан кейінгі кезеңдердегі әскери теңіз күштерінің халықаралық сулардағы елдің абыройын қорғаудағы қызметін маңызды деп бағалады.

Рухани сонымен қатар Парсы шығанағында ұлттық қауіпсіздік пен мүдделерді қорғап жатқан Ислам революциясы Сақшылар корпусының әскери-теңіз күштеріне де алғыс білдірді.

 

Тегтер