Эштон Картер: АҚШ Гуантанамо базасында қалады
АҚШ-тың Қорғаныс министрі: «Гуантанамо базасын Кубаға қайтару туралы мәліметтерге керісінше АҚШ бұл базада қала береді»,-деп мәлімдеді.
ISNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі «Спутник» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ-тың Қорғаныс министрі Эштон Картер баспасөз конференциясында: ««Вашингтон Гуантанамо түрмесін жапқаннан кейін бұл базаны Кубаға қайтарады» деген кейбір ақпараттарға керісінше, АҚШ бұрынғысынша осы базада қалуды көздеп отыр.
Гуантанамо базасы Гуантанамо түрмесінен бөлек. Бұл базаның Вашингтон үшін стратегиялық маңызы бар. АҚШ ұзақ уақыттан бері сонда орналасқандықтан өз құзырын жалғастыра беруді мақсат етуде.
АҚШ-тың заңдары бойынша үкімет Гуантанамодағы тұтқындарды АҚШ-қа тасымалдай алмайды»,-деді.