Иранның Әділет министрі: Батыс келісімді бұзатын болса Иранның жауабын күтсін
Жел 02, 2016 04:40 Asia/Almaty
Иранның Әділет министрі Мұстафа Пурмұхаммади Батысқа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындауға қатысты өз міндеттемелеріне берік болмаған жағдайда Иранның жауабын күтуді ескертіп:
«Иранның қадамдары бұрынғыдан да нық. АҚШ пен Батыс «Ортақ қадам» келісімі туралы өз міндеттемелеріне берік болмаған жағдайда Иранның жауабын күтсін. Бұрынғы кезең өтті. Егер Америка «Ортақ қадам» келісімін орындамауды қаласа, Иран жағынан қатаң шараны күтуі керек. Дұшпандар көп жылдардан бері түрлі тәсілдер арқылы Иранның революциясы мен исламдық күшінің таралуының алдын алу үшін ештеңеден аянбады» деді.
Тегтер