Зангане: Иранда мұнай өндіруді арттыруда ешқандай шектеу жоқ
ИИР Мұнай министрі Иранда Вена отырысындағы ОПЕК келісімінен кейін мұнай өндіруді арттыруда ешқандай шектеудің жоқ екендігін мәлімдеді.
ИИР Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабы тілшісінің хабарлауы бойынша, ИИР Мұнай министрі Бижан Зангане бейсенбі күні «Хабар» арнасына берген сұхбатында Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы ОПЕК-тің Иранның шикі мұнай өндіру үлесін арттыруға шешім қабылдағанын қуаттап, Венадағы ОПЕК отырысының нәтижесін тарихи деп бағалады.
ИИР-ның Мұнай министрі Венадағы ОПЕК отырысында шешім қабылдаудың мүше елдер арасындағы қайшылықтарға байланысты қиын болғанын айтып: «Бұл ұйым соңғы екі жылда әрекетсіз қалған болатын. Алайда Вена отырысының жетістіктері 8 жылдан кейін ОПЕК-ті қайта жандандырды»,-деп мәлімдеді.
Зангане Ресейдің ОПЕК-тің тұрақты емес мүшесі ретінде өзінің мұнай өндірісінің көлемін азайтуға шешім қабылдауына тоқталып: «Бұл шешім екі елдің жоғары лауазымды басшыларының кеңестерінің арқасында қабылданды. Ресейдің осы салада ОПЕК-ке қолдау көрсетуі маңызды қадам болды»,-деді.
ОПЕК-ке мүше елдер сәрсенбі күні Венада өздерінің 71-ші отырысын өткізіп, мұнай өндірісінің көлемін 1 млн 200 мың баррельге азайтуға келісті. Осылайша ОПЕК-те күніне өндірілетін мұнайдың көлемі 32,5 млн баррельге жететін болады.