Жетекші көзқарасы: Бірлік пен қарсыласу – Израильді жоюдың жалғыз жолы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i20110-Жетекші_көзқарасы_Бірлік_пен_қарсыласу_Израильді_жоюдың_жалғыз_жолы
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдулла және онымен келген делегациямен кездесуінде сионистік режимді демеушілердің Палестина мәселесін ұмыттыру үшін ұдайы дағдарыс тудыруына қарамастан, бұл қасиетті жердің Палестина халқы мен топтардың қарсыласуы мен талпыныстарының арқасында азат етілетінін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 15, 2016 11:23 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: Бірлік пен қарсыласу – Израильді жоюдың жалғыз жолы

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сәрсенбі күні Палестинаның исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдулла және онымен келген делегациямен кездесуінде сионистік режимді демеушілердің Палестина мәселесін ұмыттыру үшін ұдайы дағдарыс тудыруына қарамастан, бұл қасиетті жердің Палестина халқы мен топтардың қарсыласуы мен талпыныстарының арқасында азат етілетінін айтты.

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ пен Израильдің мақсаттарына тоқталып, АҚШ-ты «үлкен шайтан» әрі аймақтағы қиыншылықтардың басты факторы деп атап,  аймақтағы «кіші шайтандардың» (АҚШ-тың одақтастары) қазіргі дағдарыстарды тудырудағы рөліне тоқталып: «Олардың мақсаты – аймақтың қоғамдық пікірінде Палестина мәселесін солғындатып, халықтардың жадынан шығару»,-деді.

Палестинаның қарсыласу тарихы көптеген кедергілер мен қиындықтарға толы. Бұл салада үш ағым Палестина халқына ең көп зиян тигізді. Израиль пайда болғаннан бері Палестина халқына ең көп зиян тигізген бірінші ағым – бұрмалауға және ымыраға келуге бейім кейбір топтар. Олар саналы түрде немесе сионистік режимнің шынайы болмысын білмеуіне байланысты дұшпанмен бітімге келуге тырысты. Мұндай әрекеттің салдарынан Палестина тағдыры аймақтағы жемқор әрі ымырашыл режимдердің қолына түсіп, палестиналық қарсыласудың негізгі ағымына соққы жасалды. Палестина халқын басып-жаншудың артуы, әсіресе олардың Иордан өзенінің батыс жағалауындағы жерлерін жаулап алып, сионистік қалашықтарды салудың жалғасуы – осындай бүлдіргі ағымның әрекеттерінің ісі. Бұл үдерістегі екінші ағым – онжылдық қоршау мен ауыр тұрмыс жағдайы. Қарсыласудан бас тартқызу үшін Палестинаның 2 млн-нан астам адамы Газада қоршауда қалып отыр. Осы саладағы үшінші ағым – ДАИШ тәкфирлік-сионистік топ пайда болғаннан кейін орын алған оқиғалардың тізбегі. Бұл діни соғыс, шиіт пен сүннит арасындағы қайшылық деп аталды. Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-ты осы ағымдардың басты факторы деп санайды. Бұл  шындық жағдайды айқындай түседі. Хазірет аятолла Хаменеи АҚШ пен оның аймақтық одақтастарының әртүрлі оқиғаларды тудырып, діни факторды дағдарыстарға кіргізуге талпынғанына тоқталып, осы жарнамаға керісінше,  Алеппо, Мосул мен басқа қалалардың сүннит халқының қылмыскер тәкфиршілдердің қолынан жаппай қырылғанын, дағдарыстардың шиіт пен сүннитке қатысы жоқтығын айтты.  

Осы ұйымдасқан ағымның мақсаттарының бірі Палестина мәселесін ұмыттыру. Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы режиммен  күрес майданының алғы шебіндегі елдерде, соның ішінде Сирия мен Ливанда дағдарыс пен соғыс оты жағылды. Ислам революциясы жетекшісінің айтуы бойынша, бұл топтардың мақсаты – іріткі салу, сондықтан қырағы әрі кесімді түрде оларға қарсы тұру қажет. Палестина өзін ұмыттыру үшін жасалап жатқан барлық талпыныстарға керісінше аймақтағы өзгерістердің бел ортасында. Палестинаның көкірек көзі ояу жастары белсенділік танытып, интифазаны жалғастыруда. Израильге жасалып жатқан ауыр соққылар, соның ішінде  қарсыласу қозғалысының ұзақ қашықтық пен жоғары нақтылыққа ие зымырандарды қолдануы Израильдің есебін бұзған факторлардың бірі болып отыр. Палестинаның қарсыласу қозғалысы ауызша емес, шынайы күрес алаңында революциялық қозғалысты жалғастырып, джиһадтық рухты сақтау арқылы Палестинаның бұзылған құқығын қайтарып алуға белді бекем буып отырғанын көрсетті.  Хазірет аятолла Хаменеи  Палестинаның  исламдық джиһад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдулламен кездесуінде айтқандай, сионистік режим түбінде жойылады. Палестиналықтардың бәрі бірігіп сионистермен күресетін болса, алдағы 25 жылда Израиль тарих сахнасынан кетеді.