Иранның Барлау министрі сионистік режимнің басқыншы екендігін қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i23173-Иранның_Барлау_министрі_сионистік_режимнің_басқыншы_екендігін_қуаттады
ИИР-ның Барлау министрі: «Сионистік режимнің басқыншы екендігін әрдайым қуаттап отыру керек» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 15, 2017 10:57 Asia/Almaty
  • Иранның Барлау министрі сионистік режимнің басқыншы екендігін қуаттады

ИИР-ның Барлау министрі: «Сионистік режимнің басқыншы екендігін әрдайым қуаттап отыру керек» деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Барлау министрі сейіт Махмуд Алави сенбі күні Теһранда «Газа – қарсыласу символы» атты жетінші форумда сөйлеген сөзінде: «Палестина ұлтсыз жер емес еді. Әлемнің түкпір-түкпірінен бұл жерге келген адамдар да жерсіз емес еді, бірақ Палестинаны жаулап алып, сол жерде қоныстанды.

Ұлыбританияның сионистерді Палестинада орналастырудағы мақсаты Ислам әлемін екіге бөлуге бағытталған сұрқия отаршыл жоспарды орындау болды. Сионистік режимді орналастыру заңсыз тәсілмен жүзеге асырылды»,-деді.

Сейіт Махмуд  Алави, сондай-ақ,  форумның аясында тілшілерге берген сұхбатында  Газа секторы мен Палестина халқының саяси-экономикалық қиындықтары туралы: «ИИР-ның жүйесі әрдайым Газа мен Палестинаның жапа шеккен халқын қолдап келді. Осы қатынасты палестиналықтардың толық жеңіске жетіп, өз жеріндегі билікті қолдарына алғанға дейін жалғастырады»,-деді.

Иранның Барлау министрі бұл ведомствоның лаңкестік топтар туралы толық хабардар екендігіне тоқталып: «Біз лаңкестерді ел ішінде және шекарадан тыс жерде қандай жағдайда болса да, бақылауда ұстап отырмыз. Олар қандай да бір лаңкестік әрекет жасаудан бұрын қауіпсіздік күштерінің құрыштай қолы оларды әрекет ету мүмкіндігінен айырады»,-деді.