Иранның оңтүстік- батысында бір лаңкестік топтың көзі жойылды
Қауіпсіздік дереккөздері Иранның оңтүстік- батысындағы Хузестан облысында бір лаңкестік топтың көзі жойылғанын хабарлады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Республикасының қауіпсіздік саласындағы бір білікті қайраткері дүйсенбі күні: «Бірқатар күрделі қауіпсіздік шараларынан кейін өткен апталарда Иранның ішінде диверсиялық амалдар жасамақ болған осы лаңкестік топ анықталып, залалсыздандырылды» деп мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша, лаңкестік топтың мүшелерінің жексенбі күні кешке Хузестан облысында болған қарулы қақтығыста көзі жойылды.
Иранның Барлау министрі сейіт Махмуд Алави өткен аптада Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің сайлаулары қарсаңында Иранның оңтүстік-шығысындағы шекараларда бір тәкфирлік топтың анықталып, осы топтан лаңкестік амалдарда қолданылатын жарылғыш заттар мен оқ-дәрі табылып, тәркіленгенін мәлімдеген болатын.