Зангане: Иранның мұнайынан түсетін табыс тәркіленбейді
Иран ислам республикасының Мұнай министрі Иран мұнайының ақшасы кейбір елдер тарапынан тәркіленеді деген уәждерді теріске шығарды.
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане Иран Телерадио ұйымының ақпарат агенттігіне берген сұхбатта: «Ислам республикасының ешқандай ақшасы тәркіленбейді. Иран мұнай сатудан түсетін табыстың барлығын алады.
Иран ислам республикасы соңғы 9 айда мұнайдан түскен 24 млрд 700 млн доллар ақшаны алды. Алдағы екі айға дейін Иранның мұнай мен газ өнімдерінің саудасы 41 млрд долларға жетеді. 2017 жылы бір баррель мұнайдың бағасы 55 долларға жетеді деген болжам бар. Бірінші қаңтардан бастап Мұнай Экспорттаушы Елдер Ұйымы ОПЕК-тің міндеттемелері ісіке асады. Соған сәйкес мемлекеттер өзінің өндірісін қысқартуы тиіс» деді.
Зангане сондай ақ Түркіменстан тарапынан газ жеткізілімінің тоқтатылуына білдірген реакцияда: «Түркіменстаннан газ импорттау Иранның газ компаниясы мен Түркімен газ компаниясы арасында жасалған сауда келісімшарты негізінде болған. Оның көлемі де өте аз еді» деп мәлімдеді.