Иранның Ғылым министрі АҚШ президентінің шарасына реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i23821-Иранның_Ғылым_министрі_АҚШ_президентінің_шарасына_реакция_білдірді
Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі: «Ирандықтардың Америкаға кіруіне тыйым салудың Иранның ғылыми жағынан дамуына еш әсері тимейді» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 29, 2017 19:35 Asia/Almaty
  • Иранның Ғылым министрі АҚШ президентінің шарасына реакция білдірді

Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі: «Ирандықтардың Америкаға кіруіне тыйым салудың Иранның ғылыми жағынан дамуына еш әсері тимейді» деді.

Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі Мұхаммад Фархади Американың ирандықтардың сол елге келуіне тыйым салудағы жуырдағы  шарасын Иранның ғылым мен технология саласына ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеп: «АҚШ пен Ұлыбритания Иранның ғылым мен технологиясы  саласында стратегиялық елдерге жатпайды. Сондықтан еліміздің ғылыми жағынан даму үдерінде еш рөл атқармайды.

Иран ислам республикасының ғылым мен технологиясы – елдің ішкі ісі. Оның жұмысы арнайы бір елге тәуелді емес» деді.