Иранның Ғылым министрі АҚШ президентінің шарасына реакция білдірді
Қаң 29, 2017 19:35 Asia/Almaty
Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі: «Ирандықтардың Америкаға кіруіне тыйым салудың Иранның ғылыми жағынан дамуына еш әсері тимейді» деді.
Иранның Ғылым, зерттеу және технология министрі Мұхаммад Фархади Американың ирандықтардың сол елге келуіне тыйым салудағы жуырдағы шарасын Иранның ғылым мен технология саласына ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеп: «АҚШ пен Ұлыбритания Иранның ғылым мен технологиясы саласында стратегиялық елдерге жатпайды. Сондықтан еліміздің ғылыми жағынан даму үдерінде еш рөл атқармайды.
Иран ислам республикасының ғылым мен технологиясы – елдің ішкі ісі. Оның жұмысы арнайы бір елге тәуелді емес» деді.
Тегтер