Иран халқына қарсы қоқан-лоққы сәтсіздікке ұшырайды
Иран президентінің бірінші орынбасары Иран халқымен қоқан-лоққы тілімен сөйлескен үкіметтер мен тұлғаларды майдандағы ең басты жеңілуші тарап деп атады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири дүйсенбі күні Иранның оңтүстік-батысындағы Абадан әуежайында Иран халқының қоқан-лоққы жасау мен қорқытуды қабылдамайтынын қуаттап: "Иран мәмілеге келуді құптайды. Алайда Иран халқымен қоқан-лоққы тілімен сөйлесетін адамдар міндетті түрде жеңілетін болады" деді.
Ол АҚШ президентінің ирандық азаматтардың АҚШ жеріне күруіне тыйым салу мақсатындағы жуырдағы әрекеті жайлы: "Америкалықтар жаман тәсілді таңдады. Олардың бұл тәсілден бас тартып, мәмілеге келу жолын таңдайтындықтарына үміттенеміз" деді.
Иран президентінің бірінші орынбасары сонымен қатар Иран мен АҚШ арасында биік сенімсіздік дауалының тұрғанын айтып: " Иранның көптеген мәселелеріндегі америкалықтардың рөлі Иран халқының есінен ешуақытта кетпейді" деді.