Бружерди: Америка аймақтағы Иранның қызыл сызығынан өте алмайды
Иран мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының төрағасы «Иран Американың қоқан-лоққыларына тойтарыс береді. Америка Иран ислам республикасының аймақта белгілеген қызыл сызықтарынан өте алмайды» деді.
Алауэддин Бружерди «Almayadeen» телеарнасына берген сұхбатында: «Қазірге дейін Американың Иранды жеңіліске ұшырату және аймақта қарсыласу майданына соққы беру үшін жасаған барлық талпыныстары сәтсіздікке ұшырады. Американың Иранмен соғысатын шамасы жоқ, өйткені бір жақтан Иранның әлеуеттерін білсе, екінші жағынан Теһран саяси және стратегиялық айдындарда өте мықты және жоғары деңгейде тұр» деді.
Иран мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының төрағасы Иранның лаңкестікті қолдау негізіндегі ешбір айыпты қабылдамайтынын қуаттап: «Иран осы уақытқа дейін лаңкестікпен, әсіресе аймақта ДАИШ пен "ән-Носрат" тәкфирлік лаңкестік топтарымен күресте аса маңызды рөл атқарды» деді.