Иранның шикі мұнайы мен конденсаттарының экспорты артты
(last modified Wed, 15 Feb 2017 08:27:43 GMT )
Ақп 15, 2017 14:27 Asia/Almaty
  • Иранның шикі мұнайы мен конденсаттарының экспорты артты

Иранның Мұнай министрі Иранның өзінің шикі мұнай өндірісінің мөлшерін 1 миллион 700 мың баррельден 3 миллион баррельге жеткізетінін мәлімдеді.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане сейсенбі күні Иран Телерадио ұйымының екінші арнасына берген сұхбатында Иран мұнайының әлемдік нарықтарға қайта оралуына тоқталып: "Иран үш айдан аз уақыт ішінде өзінің өндірісін 1 миллион баррельге жеткізе алды. Иранның газ конденсаттарының экспорты 1 миллион 200 мың баррельден 2 миллион 800 мың баррельге жетіп, Иранның шикі мұнайы мен конденсаттары экспортының мөлшері 1 миллион 600 мың баррельге артты. Иранның экспорттық нарықтары әртүрлі. Қытай, Үндістан, Корея, Жапония, Түркия және Тайваньмен қатар, Еуропа, Индонезия мен басқа да азиялық елдер Иран мұнайының сатып алушыларының қатарына қосылды. Катармен ортақ Оңтүстік Парс мұнай алаңындағы Иранның өндірісі 2017 жылдың наурыз айының ортасына дейін 35 мың баррельге жететін болады. Бұл мөлшерді 100 мың баррельге дейін арттыратын мүмкіндік бар" деді.

 

Тегтер