Иран АҚШ-тың ішкі іске араласушылықтарын айыптады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Иранның ішкі ісіне араласу сипатындағы жуырдағы мәлімдемесін қасақана, күдік-күмәнға толы, жөнсіз әрі арнайы саяси сипаттағы шара деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми АҚШ Мемлекеттік Департаментінің 2009 жылғы Ирандағы бүліктің басшыларын босатуды талап еткен сейсенбі күнгі мәлімдемесін айыптап: «ИИР АҚШ-тың Иранның ішкі ісіне араласу сипатындағы мәлімдемелерін мүлдем қабылдамайды.
Иран үкіметі мен халқы АҚШ басшыларының өзіне қатысты жөнсіз араласушылықтарының көптеген ащы тәжірибесін бастан өткерді.
ИИР әрдайым өзінің халықаралық міндеттемелеріне берік бола отырып, Иран Конституциясының азаматтық құқықтарды сақтауға қатысты принциптерін орындауды өзінің басты міндеті санайды»,-деді.