Ғасеми: Израильдің ядролық арсеналы әлемге төніп тұрған қауіп
Иран СІМ-нің Ақпарат хатшысы сионистік режимнің ядролық арсеналын әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке төніп тұрған ең үлкен қатер деп атады.
Бахрам Ғасеми Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына қарсы АҚШ президенті Дональд Трамп пен Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың негізсіз уәждеріне сілтеме жасап: «Израильдің ядролық арсеналында жүздеген оқтұмсық бар. Сондықтан ол Таяу Шығыс аймағы мен әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін ең үлкен қатер болып саналады.
Ешбір халықаралық заңдар мен ережелерге берік емес және БҰҰ-ның көптеген есептерінде қамтылған Палестина мен басқа көршілес елдердің мазлұм халқына қарсы бітпейтін қылмыстар мен адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне толы іс-құжаты бар режим тарапынан негізсіз уәждер мен сөздер қайталанып жатыр.
Дональд Трамп пен Беньямин Нетаньяхудың Вашингтонда өткен ортақ баспасөз отырысы барысындағы мәлімдемелерінде Иранның бейбіт ядролық бағдарламасы туралы бос әрі пайдасыз уәждерді қайталаудан басқа ешқандай жаңа нәрсе айтылмады»,- деді.