Шамхани: АҚШ-тың жаңа және ескі басшыларының сөздері өзгерген жоқ
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «АҚШ-тың жаңа және ескі басшыларының сөздері өзгерген жоқ. Бұл елдің лауазымды тұлғалары үнемі тәуелсіз елдерге қатысты дұшпандық қатынас ұстанады»,- деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани дүйсенбі күні Альборз облысындағы экономикалық мекемелер мен өнеркәсіптік жобаларды көру барысында: «АҚШ президенті Дональд Трамптың Батыс пен АҚШ-тағы бейберекеттік жағдайды мойындауы бұған дейін АҚШ көшбасшылары тарапынан қозғалмаған жаңа тақырып саналады.
Трамптың мәлемдемелері Ақ үйдің АҚШ-тың тәртіпсіздік пен бейберекет бейнесін көрсетуге бағытталған талыпыныстарының аяқталғанын көрсетеді.
АҚШ-тың жаңа басшыларының әрекеттері туралы кесімді пікір айтуға әлі ерте болғанымен, қазіргі үдеріс жаңа кезеңде де бұл елде ешбір өзгерістің болмайтынын көрсетеді»,- деді.