Қорғаныс министрі: Израильдің Иранға қарсы коалиция құру бағытындағы талпынысы нәтижесіз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i24556-Қорғаныс_министрі_Израильдің_Иранға_қарсы_коалиция_құру_бағытындағы_талпынысы_нәтижесіз
Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі: Сионистік режимнің Иранға қарсы коалиция құру үшін талпынуының нәтижесі жоқ және Иранның Палестина армандары мен Құдс шәріптің азаттығына қол жеткізу жолындағы талпыныстарына кедергі болмайды деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 21, 2017 19:56 Asia/Almaty
  • Қорғаныс министрі: Израильдің Иранға қарсы коалиция құру бағытындағы талпынысы нәтижесіз

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі: Сионистік режимнің Иранға қарсы коалиция құру үшін талпынуының нәтижесі жоқ және Иранның Палестина армандары мен Құдс шәріптің азаттығына қол жеткізу жолындағы талпыныстарына кедергі болмайды деді.

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі сардар Хосейн Деһқан: «Сионистік режимнің Иранға қарсы коалиция құру бағытындағы талпыныстарының нәтижесі жоқ. Олар  Иранның Палестинаның мақсат-армандары мен Құдс шәріптің азаттығына қол жеткізу жолындағы талпыныстарына кедергі болмайды.

Иран ғылымға негізделген қорғаныстық ұйымымен ұлттық айбындылығы мен әсерлі сақтандыру күшін тұрақты түрде сақтап, әскери-қауіпсіздік тұрғыдағы қатерлерге айбынмен тойтарыс бере алады.

Әлем мен аймақ халқы, әсіресе Палестина халқы ешқашан сионистік режимнің соңғы 60 жылдағы жабайы әрі адамгершілікке жат қылмыстарын ұмытпай, осы режимді аймақтағы бейберекеттік, террор мен қылмыстың негізгі себепкері санайды. Барлық әлем жұртшылығының мойындауы бойынша аймақ және әлемнің қауіпсіздігі үшін ең үлкен қатер лаңкестік және тәкфирлік әрі лаңкестік топтар, соның ішінде ДАИШ болып табылады" деді.