Есірткі заттармен күрес аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты қажет етеді
ИИР Ішкі істер министрі есірткі заттармен күрестің аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты қажет ететінін қуаттады.
Иран Ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли дүйсенбі күні Теһранда есірткі заттармен күрес халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде: «Иран есірткі заттармен күрес негізінде аймақтық және халықаралық құрылымдармен барлау және операциялық ынтымақтастықтар үшін тиісті жағдайлар жасады, бірақ ынтымақтастықтың осы түрі аймақтан тыс елдер тарапынан нақтырақ және уақыт мұрсаттарымен ыңғайлас ынтымақтастықтарды қажет етеді.
Иран Балқан маршрутындағы алғашқы ел ретінде контрабанда және соған қатысты қылмыстар ағымының алғашқы және ең үлкен толқындарының алдында тұр.
Иран теп-тең стратегиямен есірткі заттарды ұсынуға тосқауыл қою және сұранысты азайту күресінің барлық қырларын қарастырады. Иранның қауіпсіздік күштері 2016 жылы 2300 іс-қимыл жасаумен 681576 килограмм әртүрлі есірткі заттарды анықтап, тәркіледі. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда шамамен 9 пайызға ұлғайғанын көрсетеді» деді.
Иран ислам республикасы әлемде есірткі заттар контрабандасымен күрестің алғы шебі ретінде осы жолда 3500-ден астам азаматы шәһид болып, 10 мыңнан астам күші жараланды.