Шамхани: Сауд Арабиясының лаңкестерді қолдаудағы рөліне көзжұмбайлық танытуға болмайды
(last modified Tue, 28 Feb 2017 11:19:52 GMT )
Ақп 28, 2017 17:19 Asia/Almaty
  • Шамхани: Сауд Арабиясының лаңкестерді қолдаудағы рөліне көзжұмбайлық танытуға болмайды

Ираның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Сауд Арабиясының аймақта мақсаттарына жетпеген лаңкестерді қолдаудағы рөліне көзжұмбайлық танытуға болмайды»,- деді.

Ираның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани дүйсенбі күні Теһранда журналистердің алдында: «Сауд Арабиясы Иракта мақсаттарына жеткен жоқ, алайда аймақ елдері, әсіресе Ирак пен Сирияға орны толмас шығын келтірген лаңкестік топтарды құру және оларға қолдау көрсетуге маңызды рөл атқарды»,- деп баса айтты.

Шамхани Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің Ирак сапары туралы: «Иран лаңкестік топтарды  қолдайтын мемлекеттердің, әсіресе Сауд Арабиясының әртүрлі әрекеттерін өткенннің қисынсыз саясаттары мен орны толмас қателіктердің оралуына себеп болады деп санайды. Бірақ, осы кезге дейін Сауд Арабиясының іс-әрекеттерінен  шынайы өзгеріc байқалмайды»,- деді.

Ираның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы аймақтың кейбір мемлекеттерінің оқу орталықтарын тәкфіршіл лаңкестерді шығаратын зауыт деп атап: «Бүгінде әлемнің  қауіпсіздігі үшін қатерге айналған лаңкестер – дәл осы елдердің оқу орталықтарынан білім алғандар»,- деді.

Әли Шамхани сонымен бірге лаңкестерді тәрбиелейтін мемлекеттердегі Ислам дінінің бұрмалануын, қоғамдық наразылықтар мен саяси бірліктің болмауы мен қауіпсіздік және полиция органдарының сәтсіздіктерін олар мен ИИР-ның айырмашылықтары деп атады.