Ғасеми: АҚШ үкіметі адам құқығын бағалайтындай дәрежеде емес
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i24882-Ғасеми_АҚШ_үкіметі_адам_құқығын_бағалайтындай_дәрежеде_емес
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Иран туралы адам құқығына қатысты жылдық есебіне көрсеткен реакцияда: «АҚШ үкіметі өзге елдердегі адам құқығын бағалайтындай дәрежеде емес» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 04, 2017 21:26 Asia/Almaty
  • Ғасеми: АҚШ үкіметі адам құқығын бағалайтындай дәрежеде емес

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Иран туралы адам құқығына қатысты жылдық есебіне көрсеткен реакцияда: «АҚШ үкіметі өзге елдердегі адам құқығын бағалайтындай дәрежеде емес» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Ирандағы адам құқығының жағдайы туралы Американың уәждерін айыптап: «АҚШ үкіметі осы елдің іші мен халықаралық деңгейдегі адам құқығына қатысты "қараңғы іс қағазына" байланысты өзге елдердегі адам құқығының жағдайы туралы пікір білдіре алатындай деңгейде емес» деді.

Ешбір халықаралық орган мен ұйымның АҚШ үкіметіне өзге елдердегі адам құқығын бағалау ықтиярын бермегендігіне сілтеме жасаған Ғасеми: «АҚШ үкіметі мұндай дәреже мен құқыққа ие емес және ешқашан адам құқығының әлемдік жағдайы туралы біржақты және саяси түрде төрелік ете алатындай дәрежеге иемін деп ойламауы тиіс.

АҚШ үкіметінің осындай араласушылық сипатта мәлімет таратуы осы елдің ішіндегі адам құқығы мәселелері мен қиыншылықтарын бүркемелеп, әлемдік қоғамдық пікірді Вашингтонның өзінің аймақтағы кейбір одақтастарына қолдау көрсетіп отырғанынан ауытқуды көздейді. Оның аймақтағы кейбір одақтастары адам құқығын өрескел бұзып отыр. Аймақтағы бірнеше елдегі олардың соғыс қылмыстары баршаға мәлім» деді.