Иранда "С-300" қорғаныстық құрылғысы сынақтан сәтті өтті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i24884-Иранда_С_300_қорғаныстық_құрылғысы_сынақтан_сәтті_өтті
"С-300" қуатты қорғаныстық құрылғысы Иранның орталық даласында сынақтан өтіп, елдің қорғаныстық құрылғыларының қатарына енді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 04, 2017 21:49 Asia/Almaty
  • Иранда

"С-300" қуатты қорғаныстық құрылғысы Иранның орталық даласында сынақтан өтіп, елдің қорғаныстық құрылғыларының қатарына енді.

Сенбі күні өнімділік тәсілін сараптау мақсатында сынақтан өткен "С-300" қорғаныстық құрылғысы нысанадағы бірнеше зымыранның, соның ішінде баллистикалық зымыран мен ұшқышсыз ұшақтың ізін кесіп, көзін жойды.

Иран армиясының "Хатам ул-Анбия" әуе қорғаныс базасының қолбасшысы, бригада генералы Фарзад Исмаили сенбі күні Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында "С-300" құрылғысы Иранның хақысы болғанын және өз хақысын алғанын баяндай келе: «С-300" қорғаныстық құрылғысы бүгіннен бастап Иран аспанының сәт сайын қауіпсіз әрі қуаттырақ болуы үшін "Мерсад" және "Талаш" сияқты ирандық қуатты құрылғылардың қатарына қосылды» деді.

Бригада генералы Исмаили дұшпанның кеуде көрсетуіне майданда жауап берілетінін қуаттап: «Ирандық мамандар осы қорғаныстық құрылғыны қауіп-қатерлер мен операциялық жоспарлар бойынша сынақтан өткізді. "С-300" құрылғысының эксплуатациялық функциясына ешкімнің қолжетімділігі жоқ» деді.

Иран армиясының "Хатам ул-Анбия" әуе қорғаныс базасының қолбасшысы сондай-ақ жақын арада "С-300" құрылғысының толығымен жергілікті "Бавар-373" деген атпен сынақтан өтетінін мәлімдеді.