Иран мен Дағыстанның мәдени және өнер саласындағы ынтымақтастықтары кеңейді
Иран мен Дағыстанның дипломатиялық басшылары Иран мен Дағыстанның мәдени және өнер саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту туралы сұхбаттасты.
Иранның Ресейдегі Мәдени орталығының басшысы Реза Малеки Теһранда Дағыстан республикасының Мәдениет министрі Зарима Бутаевамен кездесуде: «Дағыстан республикасының Иранмен мәдени және тарихи ортақтастықтарына байланысты осы мүмкіндікті діндер, мазхабтар және түрлі ұлыстардың бейбіт қатар өмір сүруін кеңейту және ортақ қауіп- қатерлерге тосқауыл қою бағытында көбірек пайдалануға талпыныс жасау керек» деді.
Иранның Мәдени орталығының басшысы сондай-ақ келесі жылы Мәскеу мен Дағыстанда Иранның мәдени апталығының өткізілуіне үміт білдірді.
Малеки осы кездесуде сондай-ақ Дағыстанда қатар өмір сүру халықаралық фестивалін өткізу идеясын алға тартып: «Осы фестивалді өткізумен қатар өмір сүру мәдениетін тарату және этникалық әрі діни іріткіге тосқауыл қоюмен қоса, Дағыстан республикасының осы негіздегі мүмкіндіктері көбірек танылатын болады» деді.
Зарима Бутаева да Иранның Мәдени орталығы басшысының ұсынысын қолдап, Дағыстан республикасының әсірешілдікке тосқауыл қою және халықтың болмысын күшейту және түрлі жобалар мен бағдарламаларды іске асыру, соның ішінде мәдени және өнер орындарын жандандыру, сондай-ақ жастарды тарту мен оларды өз құндылықтары мен мұралары және дәстүрлі мақтаныштарымен таныстыру үшін осы республиканың орталығы Махачкалада театр сияқты жаңа орталықтар құру негізіндегі мәдени бағдарларға тоқталды.