Нау 10, 2016 22:24 Asia/Almaty
  • Иран өткен жылғы оқиғалар тоғысында (1)

Иран өткен жылы мықты дипломатиясының арқасында мақтаныш және абыроймен қиын сынақтан еңсесін биік ұстап шықты.

Иранның ядролық келісімгер тобы елдің Сыртқы Істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің жетекшілігімен екі жылға созылған ядро саласындағы қиын келіссөздерден кейін сол сынақтан табыспен шығып, үстемшіл мемлекеттерге саяси, экономикалық қысымдары немесе әскери қоқан-лоққылары арқылы Иранның даму жолына бөгет қоюға рұқсат бермеді. Дұшпандардың ядролық тақырыптағы қоқан-лоққыларын елдің ядролық құқығын тұрақтандыру үшін мүмкіндіктерге айналдыруы Иранның «жұмсақ» күшінің дұшпандардың қастандықтары мен шиеленісті жобаларында қол жеткізген үлкен жетістігі болып табылады.

«Иран өткен жылғы оқиғалар тоғысында» атты бағдарлама – Иран дипломатиясының ядролық мәселені шешу жолындағы әлеуетінің маңызды бөлігін қарастыратын бағдарлама. ИИР дипломатия саласында әділетсіз санкцияларға қарсы табандылық танытып, дұшпандардың кейін шегініп, күшпен таңылған санкциялардың бір бөлігін жоюға мәжбүр етті. Бұл жетістік, еш күмәнсіз, Иран халқының табандылығы мен қарсыласуының жемісі. ИИР келіссөздерде әлемге ешқашан атом қаруын жасауды мақсат етпегенін, сенім тудырып, мәселелерді шешу үшін өзара ынтымақтастық пен сындарлы келіссөздерге жүгінгенді жөн көретінін дәлелдеді. Келіссөздердегі жетістік Иранның өткен жылдағы ең маңызды саяси оқиғаларының бірі болды. Бұл келіссөздер 2013 жылдың қараша айының 24 күні жасалған келісім негізінде басталып, екі жылға жуық шарықтаулар мен құлдыраулардан кейін Иранның ядролық дипломатиясы 2015 жылдың шілде айының 14 күні Вена қаласында жемісін беріп, Иран мен «алтылық» топ өкілдерінің келіссөздері айқын нәтижеге жетті. Бүгін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Иран таңылған және жанама көптеген мәселелерден құтылып, халықаралық саяси сахнада, әсіресе аймақтық дағдарыста өзінің айқындаушы ролін атқара алатын болды. «Ортақ қадам» бағдарламасы негізінде қаржы және экономика саласында салынған санкциялардың күшінің жойылуымен Иран аймақтық инфрақұрылымдарды, экономикалық және инвестициялық негіздерді дамытып, нығайту бағытын көздеген экономикалық әрекеттестіктің жаңа кезеңіне енді.

Иранның осы мәселені шешу саласындағы дипломатиясы ИИР-ның өзінің міндеттері мен жауапкершіліктерін толығымен, нақты түрде кез келген саяси ескертулерден тыс орындайтынын көрсетті. Иранның ядролық құқығының әлемдік алпауыт елдер тарапынан ресми түрде танылуымен Иранның аймақтық және әлемдік теңгерімдердегі орны жоғарылады.

Иранның мықты дипломатиясы ислам елінің үстемшіл мемлекеттердің зорлықшылдығы мен монополия және артықшылық талап еткен үстемшілдігінің алдында бас имейтіндігін, өзінің құқығын қорғайтынын көрсетті. Үстемшіл мемлекеттер әу бастан Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатуды көздеп, Иранда уран байытуға тыйым салу арқылы Арак ауыр су реакторы мен Форду ядролық нысанының жұмыстарын тоқтатып, осы саладағы барлық зерттеу жұмыстары мен дамуға кедергі келтіруді мақсат етті. Бірақ олардың мақсаттары жеңіліске душар болды. Бүгін ядролық тақырыптың шешілуі мен әлемнің алты алпауыт елімен табысты әрекеттесу ИИР-ның аймақтық және халықаралық айбынын күшейтті.

ИИР президенті айтқандай, Иран халқының дұшпандары тұрғызған «Ираннан қорқыту дуалы» құлады. Әлемдік алты алпауыт ел тарапынан Иранның ядролық құқығының ресми түрде танылуының нәтижесіндегі ядролық тақырыптағы жетістігі олардың Иранды оқшауландыру жолындағы талпыныстарының бекер болғанын көрсетті. Ядролық қорытынды келісімге қол жеткізу ИИР дұшпандарын діттеген мақсаттарына жеткізбеді. Иранның БҰҰ-ның жарғысының жетінші бабынан шығуы Иранға қарсы қоқан-лоққыларды залалсыздандырды. Иран дипломатияның шеңберінде БҰҰ жарғысының жетінші бабынан шығып, ядролық тақырыптағы өзінің құқығы мен Қауіпсіздік кеңесіне мүше бірнеше ел тарапынан шынайы қарсылықпен бетпе-бет келген уран байыту ісін жалғастыруға қол жеткізуде табысқа жетті. Бұл жетістік саяси жеңіс болды. Иранның ядролық жұмыстарының бейбіт сипатты болғандығына негізделген АҚХА-нің Басқарма кеңесінің резолюциясы бұл жетістікті қорытындылады. Иран бүгін «Ортақ қадам» негізінде отынның толық циклі мен уран байыту құқығын қамтитын ядролық бейбіт бағдарламаға ие ел ретінде танылды. Ирандағы ядролық инфрақұрылымдар сақталды.

«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына айналған ядролық келісіммен Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт сипаттылығы расталып, Иранға салынған ядролық санкциялардың күші жойылуы үшін «Иранның ядролық бағдарламасының өткеніне қатысты мәселелер» деп аталған жанжалды іс біржолата аяқталды. «Ортақ қадам» бағдарламасы – ядролық мәселе бойынша жасалған келісім. Бірақ шәксіз, келісім саяси және экономикалық нәтижелерге ие. Бұл өзгерістің әсері Иранның өткен жылдағы саяси және экономикалық байланыстарынан, әсіресе милади жыл санағы бойынша жылдың соңғы айларына дөп келген еуропалық және азиялық мемлекеттердің үлкен саяси және экономикалық делегацяиларының Иранға жасаған сапарларынан көрінді. Бірақ шындық Америка қайраткерлері үшін уәдеде тұрмаудың кәнігі іске айналғандығында болып отыр.

Америка басшылары өткен отыз жылда Иранды лаңкестікке демеушілік жасаушы және адам құқығын бұзушы деген мәселемен айыптап, Иранға қарсы санкция салып, қысым көрсетті. Америка басшыларының Иранға қарсы осындай қатынастары мен уәждері әлі аяқталған жоқ. Бұл деген Ираннан қорқыту жобасының Иран халқы дұшпандарының, соның көшбасында тұрған Американың жұмысының күн тәртібінен әлі түспегенін білдіреді.

Сол себепті Иран халқының Американың өткен және қазіргі қатынастарына қатысты көзқарасы тұрғысынан маңызды саналатын мәселе – ол жасалатын қадамдарда Иран халқының Америкаға қатысты сенімсіздіктен арылмайтындығында. Сондықтан Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аятолла Хаменеи өткен жылы ИИР-ның президенті Хасан Руханидің «Ядролық келіссөздердегі келісім» және ««Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыруды бастау» туралы екі хатына берген жауапта ядролық келіссөздерде Американың сенімге лайық болмауы мәселесіне тоқталып, Иранның басшыларына қарсы тараптың өздерінің міндеттерін толық орындауын қадағалауға сақ болуды ескертті.

Ислам революциясының жетекшісі сонымен қатар мәміледе қол жеткізілген жетістікке ауыр құнның төленгенін еске салды. Хазірет «Ортақ қадам» бағдарламасының жоспарланған заңды жолдан таймауы үшін қарсы тараптың міндеттерін орындауын қадағалап, бақылау жасаудың, қарсы тараптың уәделерін бұзған жағдайда оның жолын жабу қажеттігін қуаттады.

ИИР-ның президенті «Ортақ қадам» бағдарламасын орындау үдерісі басталған соң Ислам революциясының жетекшісіне жазған хатта исламдық Иранның ядролық, саяси, құқықтық және экономикалық салалардағы 11 жетістігін түсіндіруде бұл жетістіктерге Иранның мықты халқының барлық қоқан-лоққылар мен санкцияларға қарсы он екі жылғы табандылығы мен қарсыласуының, ұлы жетекшінің көреген жетекшілігі мен батылдығының арқасында қол жеткізілгенін мәлімдеді.

Президент осы хаттың бір бөлімінде сонымен қатар АҚХА-нің он екі қарары мен бес шешімінің күшінің жойылуын айтты.

Қазіргі таңда Иранның бұрынғы ядролық бағдарламасына қатысты барлық бұлыңғырлықтар мен белгісіздіктер аяқталды. Қауіпсіздің Кеңесі мен Еуроодақ және АҚШ-тың ядролық бағдарламаға қатысты әртүрлі салалардағы, соның ішінде қаржы аударымы, банктік істер, SWIFT, инвестиция салу, сақтандыру қызметі, экспорттық несие, мұнай, газ, мұнай-химия өнімдері, тасымал, кеме қатынасы, айлақтар, алтын және тағы да басқа металдар саудасы, көлік, ұшақ сынды экономикалық және қаржы салалары бойынша салынған санкциялары алынды.

Осылайша Иранның әлемдік экономикадағы экспорттық нарықтың мүмкіндіктер мен халықаралық капитал нарығына қолжетімділігін пайдаланудағы әлеуетті құзыры үшін қажетті негіз әзірленді. Иранның ядролық санкцияларға байланысты бұғатталған активтері де босатылды. Елде инвестиция салып, халықты жұмыспен қамту үшін мүмкіндік қалыптастырды.

Сонымен қатар аталмыш келісімнің нәтижесінде Иранның ислам революциясынан бұрыс, қорқынышты бейне қалыптастыруды қалаған ислам діні мен Иранға жамандық тілеушілердің бірнеше жылғы талпыныстары жеңіліс тапты. ИИР қазір ядролық ғылымның барлық салаларында үлкен қадамдар жасап, ядролық ғылымды пайдалану арқылы емі жоқ деген аурулар үшін әртүрлі радиодәрілер өндіріп, атом стансалары үшін қажет отын өндірісі мен нанотехнологияны пайдаланып өнімдер өндіруінің арқасында әлемдік жаңа ғылымдарға ие мемлекеттердің қатарынан орын алды. Шын мәнінде Американың аяқтан шалу әрекеттері мен құрған қастандықтарына қарамастан бүгін «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Иранның алдында көптеген мүмкіндіктер мен мұрсаттар пайда болды. Бүгін ИИР бұрынғыға қарағанда тұрақтылықпен жарқын болашаққа қарай қадам басуда. Иран қазір жаңа жылды «Ортақ қадам» бағдарламасы жүзеге асырылып, әйтсе де Америкаға сенім артпау керек деген өмірлік сабақ алған жағдайда бастағалы отыр.

Тегтер