Сионистік режимнің заңсыз мүддесі лаңкестік топтарды күшейту арқылы қамтамасыз етіледі
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы сионистік режимнің қырғи ұшақтарының Сирия аумағына әшкере түрдегі шапқыншылығын айыптап:
«Сионистік режимнің әрекеті Израиль басқыншы режимінің тәкфірлік-сионистік лаңкестерді күшейтудегі шексіз позициялары мен заңсыз мүдделерінің ортақ екендігін көрсетеді. Сионистердің Сирия жеріне басқыншылығы Сириядағы лаңкестікке қарсы армия мен шеп қанішер лаңкестердің алдында басымдыққа ие болып, оларды қалалар мен ауылдардан үсті-үстіне кейін шегіндіріп жатқан жағдайда жасалды» деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы мұндай арандатушылық әрекеттердің салдарларына қатысты ескерту жасап, БҰҰ-нан Сирия жеріне жасалған осы әшкере шапқыншылықты айыптап, бейбітшілік пен қауіпсіздікті басқыншы режим тарапынан осылай бұзудың қайталануының алдын алу үшін барлық мүмкіндіктерін жұмылдыруды сұрады.
Израильдің қырғи ұшақтары жұма күні таңертең Хомстың шығысындағы Тадмор қаласының жолында орналасқан әл-Баридж аймағындағы Сирия үкіметінің әскери орталықтарының біріне шабуыл жасады.