Иранда ислам кеңестері сайлауына тіркелу 14 пайызға өсті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i25556-Иранда_ислам_кеңестері_сайлауына_тіркелу_14_пайызға_өсті
Ирандағы сайлау штабының төрағасы өткен кезеңмен салыстырғанда қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауына тіркелудің 14 пайызға өскенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 27, 2017 21:49 Asia/Almaty
  • Иранда ислам кеңестері сайлауына тіркелу 14 пайызға өсті

Ирандағы сайлау штабының төрағасы өткен кезеңмен салыстырғанда қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауына тіркелудің 14 пайызға өскенін хабарлады.

Әли Асқар Ахмади: «Қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің бесінші шақырылымының сайлауларына қатысу үшін 286427 адам тіркелген. 54858 адам қалалық кеңеске тіркелсе, 232537 адам ауылдық кеңестер үшін тіркелді. Солардың арасында 17875 әйел, 269540 ер адам бар» деді.

Қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің бесінші шақырылымының сайлаулары Ирандағы президенттік сайлаудың 12-ші кезеңімен тұспа-тұс 2017 жылдың мамыр айының 19-ы күні өтеді.