Иранның шығыс және Ресеймен қарым- қатынасын кеңейтудің маңыздылығы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i256-Иранның_шығыс_және_Ресеймен_қарым_қатынасын_кеңейтудің_маңыздылығы
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Иранның шығыс және Ресеймен қарым- қатынастарын кеңейтуді маңызды да ықпалды іс деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 02, 2016 20:23 Asia/Almaty
  • Иранның шығыс және Ресеймен қарым- қатынасын кеңейтудің маңыздылығы

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Иранның шығыс және Ресеймен қарым- қатынастарын кеңейтуді маңызды да ықпалды іс деп атады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти бүгін, сейсенбі күні Мәскеуде Ресей Думасының халықаралық комитетінің төрағасы және мүшелерімен кездесуінде: «Иран Ислам Республикасының Шығыспен, әсіресе Ресеймен байланысын кеңейту стратегиялық маңызға ие» деді.

Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Иран мен Ресейдің ұзақ мерзімді стратегиялық ортақ мүддесін қуаттап: «Иран мен Ресейдің ортақ мүддесінің бірі Сирия тақырыбы болып табылады. Осы майдандағы жеңіс аса маңызды және аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатумен қоса, Ирак пен Түркия сияқты елдердің мүддесі мен жер тұтастығын да қамтамасыз ете алады» деді.

Ресей Думасының халықаралық комитетінің төрағасы да осы кездесуде Иран мен Ресейдің ұзақ мерзімді әрі стратегиялық ортақ мүддесіне байланысты қос жақты ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттап: «Америкалықтар Таяу Шығыс аймағындағы өз ықпалын бұрынғыдан көбірек жүзеге асыру үшін осы аймақтағы құрылымдарды және тұрақтылықты бұзуға талпыныс жасауда» деді.