Резаи: Американың Иранға қарсы шытырман әрекеттері оларды өкіндіреді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i25748-Резаи_Американың_Иранға_қарсы_шытырман_әрекеттері_оларды_өкіндіреді
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы АҚШ-тың орталық қолбасшылығы штабы қолбасшысының мәлімдемесіне көрсеткен реакцияда: «Американың Иранға қарсы кез-келген шытырман әрекеті оларды өкіндіретін болады» деді
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 03, 2017 18:45 Asia/Almaty
  • Резаи: Американың Иранға қарсы шытырман әрекеттері оларды өкіндіреді

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы АҚШ-тың орталық қолбасшылығы штабы қолбасшысының мәлімдемесіне көрсеткен реакцияда: «Американың Иранға қарсы кез-келген шытырман әрекеті оларды өкіндіретін болады» деді

АҚШ-тың орталық қолбасшылығы штабының қолбасшысы Джозеф Вотел сәрсенбі күні осы елдің Өкілдер палатасының қарулы күштері комитетінде: «Ирандық кемелер халықаралық теңіздерде кәсіби емес әрекеттерімен Американың теңіз күшіне кедергі жасады» деген уәж айтты.

"Фарс" ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи "Instagram" желісіндегі жеке парақшасында: «Америкалықтар 2003 жылы Иракқа жасаған шабуылы мен осы елде жеңіліс тапқанын ұмытпауы керек. Американың аймақтағы өз одақтастарының заңсыз араласушылықтарына қарсы тұрып, олардың халықты қыруына кедергі жасағаны  абзал.

Иран Парсы Шығанағы мен аймақта қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау үшін әрекет жасауда» деді.