АҚШ әл-Каида және ДАИШ-пен бірігіп, Йемен мен Сирияда соғысып жатыр
(last modified Sat, 08 Apr 2017 08:15:42 GMT )
Сәу 08, 2017 14:15 Asia/Almaty
  • АҚШ әл-Каида және ДАИШ-пен бірігіп, Йемен мен Сирияда соғысып жатыр

ИИР Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Сириядағы Хомс облысының шығысында орналасқан әл-Шейрат әскери әуе базасына жасаған зымырандық шабуылына реакция білдіріп: "АҚШ-та орын алған 2001 жылдың 11-қыркүйек оқиғасынан жиырма жылдан аз уақытта бұл елдің әскерилері әл-Каида мен ДАИШ лаңкестерімен бір майданда бірігіп, Йемен мен Сирияда соғысып жатыр",- деп мәлімдеді.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "АҚШ сексенінші жылдары Ирактың тақтан тайдырылған диктаторы Саддам Хуссейнге Иранға қарсы химиялық қару қолдануға көмектесіп, химиялық қаруға қатысты негізсіз сылтаулармен Иракқа шабуыл жасады. Ал бүгін америкалық әскерилер Йемен мен Сирияда әл-Каида мен ДАИШ лаңкестеріне көмек көрсетуде.

АҚШ-тың кеңістік қалыптастыру, өзінің кінәсін басқаға жабу, жанжалды үгіт-насихат пен жымысқы әрекеттерінің кезеңі аяқталды.

ИИР химиялық қарулардың жалғыз соңғы құрбаны ретінде кез-келген адам тарапынан және кез-келген адамға қарсы халықты жаппай қыру қаруларын пайдалануды айыптайды",- деп қуаттады.