АҚШ, Израиль және Ұлыбритания ислам үмбетіне жақсылық тілемейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i26574-АҚШ_Израиль_және_Ұлыбритания_ислам_үмбетіне_жақсылық_тілемейді
Иран ислам республикасының Қорғаныс министрі: «Америка мен Батыстың Таяу Шығыстағы құзыры аймақтағы ұлттарға пайдалы емес, өйткені олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұранымен келгенімен, аймақта бейберекеттіктің факторы болып отыр» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 29, 2017 18:39 Asia/Almaty
  • АҚШ, Израиль және Ұлыбритания ислам үмбетіне жақсылық тілемейді

Иран ислам республикасының Қорғаныс министрі: «Америка мен Батыстың Таяу Шығыстағы құзыры аймақтағы ұлттарға пайдалы емес, өйткені олар қауіпсіздікті қамтамасыз ету ұранымен келгенімен, аймақта бейберекеттіктің факторы болып отыр» деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан «Rusiya Al-Yaum» телеарнасына берген сұхбатында Иран мен Батыстың лаңкестік туралы түсінігінің айырмашылығына сілтеме жасап: «Батыстың көзқарасы бойынша лаңкес әлемнің қай жерінде болмасын Батыстың мүддесі мен халықаралық мақсаттарына нұқсан келтіруші болып табылады. Алайда Иран бұл анықтаманы қабылдамайды және халықтардың даусыз құқығына қол жеткізу үшін күресуін лаңкестік санамайды. Иран өзімен көршілес елдердің ішкі істеріне араласпайды, бірақ, өкінішке орай, бүгінде Сауд Арабиясы АҚШ пен Израильдің аймақтағы өкіліне айналып, араб елдерінің, атап айтқанда Сауд Арабиясының қаржысымен Израильдің қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде» деді.

Иранның Қорғаныс министрі сондай-ақ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның ядро саласындағы бағдарламасында еш ауытқушылық болмағанын талай рет растағанын баяндап: «Егер Америка мен өзге қарсы тараптар ядролық келісімді бұзып, санкцияларға оралғысы келсе, Иран да осы келісімшартқа берік болмай, оны өртеп жібереді» деді.