Америка лаңкестікпен күресте екіұшты стандарттарға ие
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i26644-Америка_лаңкестікпен_күресте_екіұшты_стандарттарға_ие
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Ғасеми: «Америка лаңкестікпен күресте екіұшты стандарт ұстанады» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 01, 2017 17:27 Asia/Almaty
  • Америка лаңкестікпен күресте екіұшты стандарттарға ие

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Ғасеми: «Америка лаңкестікпен күресте екіұшты стандарт ұстанады» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми бүгін дүйсенбі күні отандық және шетелдік тілшілермен өткен отырыста сыртқа хабар тарату бөлімі тілшісінің Американың «Мұнафықтар» лаңкестік тобының Албанияда болуы мен лаңкестікті ресми түрде қолдауы туралы сауалына берген жауапта: «Американың лаңкестікке қолдау көрсетуі жаңа тақырып емес.  Олар өздерінің екіұшты стандарттарын жалғастыруға мүдделі.

Америка лаңкестікпен күресте өз ұстанымын түзетуі керек. Американың лаңкестерді қолдауындағы эволюция үдерісі ДАИШ болып табылады.

Теһран дипломатиялық жолмен және Албаниядағы Иран ислам республикасының елшілігі арқылы «Мұнафықтар» лаңкестік тобының қауіп-қатерін барлық елдерге ескерткен. Бұл жөніндегі кеңесулер жалғасуда» деді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы сондай- ақ Иран мен Американың "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасынан тыс тақырыптардағы келіссөзіне қатысты жарияланған кейбір ақпараттарды бұрыс деп атап: «Иран ислам республикасының Америкамен "Ортақ қадам" келісімі тақырыбынан тыс сұхбаттасуға қатысты еш жоспары жоқ» деді.