Караджда нанотехнология және наномедицина тақырыбындағы халықаралық конференция басталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i26686-Караджда_нанотехнология_және_наномедицина_тақырыбындағы_халықаралық_конференция_басталды
Нанотехнология және наномедицина тақырыбындағы халықаралық конференция 14 елден келген зерттеуші ғалымдардың қатысуымен Теһранның батысындағы Альборз облысының орталығы Карадж қаласында басталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 02, 2017 17:40 Asia/Almaty
  • Караджда нанотехнология және наномедицина тақырыбындағы халықаралық конференция басталды

Нанотехнология және наномедицина тақырыбындағы халықаралық конференция 14 елден келген зерттеуші ғалымдардың қатысуымен Теһранның батысындағы Альборз облысының орталығы Карадж қаласында басталды.

Нанотехнология және наномедицина тақырыбындағы халықаралық конференцияға Әзірбайжан республикасы, Бангладеш, Үндістан, Ирак, Жапония, Қырғызстан, Малайзия, Голландия, Норвегия, Оман, Пәкістан, Ұлыбритания, Австралия және Америка елдерінен келген танымал зерттеушілер қатысуда. Нанотехнология және наномедицина тақырыбындағы халықаралық конференция Карадж қаласының материалдар мен энергияны зерттеу орталығында екі күн бойы өтеді.

Осы зерттеу орталығы Иранның басты ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі болып табылады. Оның ғылыми жетістіктері мен түрлі жаңалықтары әлемдегі зерттеуші ғалымдардың назарын аударып отыр.