Караджда нанотехнология және наномедицина тақырыбындағы халықаралық конференция басталды
Нанотехнология және наномедицина тақырыбындағы халықаралық конференция 14 елден келген зерттеуші ғалымдардың қатысуымен Теһранның батысындағы Альборз облысының орталығы Карадж қаласында басталды.
Нанотехнология және наномедицина тақырыбындағы халықаралық конференцияға Әзірбайжан республикасы, Бангладеш, Үндістан, Ирак, Жапония, Қырғызстан, Малайзия, Голландия, Норвегия, Оман, Пәкістан, Ұлыбритания, Австралия және Америка елдерінен келген танымал зерттеушілер қатысуда. Нанотехнология және наномедицина тақырыбындағы халықаралық конференция Карадж қаласының материалдар мен энергияны зерттеу орталығында екі күн бойы өтеді.
Осы зерттеу орталығы Иранның басты ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі болып табылады. Оның ғылыми жетістіктері мен түрлі жаңалықтары әлемдегі зерттеуші ғалымдардың назарын аударып отыр.