Иранның Сыртқы істер министрлігі шетелдегі өкілдіктерінде президенттік сайлау өткізуге әзір
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i26698-Иранның_Сыртқы_істер_министрлігі_шетелдегі_өкілдіктерінде_президенттік_сайлау_өткізуге_әзір
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранның шетелдегі барлық өкілдіктерінің Иранның президенттік сайлауын өткізуге әзірлігін хабарлады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Maм 03, 2017 13:52 Asia/Almaty
  • Иранның Сыртқы істер министрлігі шетелдегі өкілдіктерінде президенттік сайлау өткізуге әзір

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Иранның шетелдегі барлық өкілдіктерінің Иранның президенттік сайлауын өткізуге әзірлігін хабарлады.

Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні таңертең Иран Сыртқы істер министрлігінің Канада мен АҚШ-та президенттік сайлау өткізу және сол елдерде дауыс беру жәшіктерін орнату жолындағы талпыныстары туралы хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «АҚШ-та өмір сүретін ирандықтардың санының жоғары болуына байланысты Иран Сыртқы істер министрлігі бұл мемлекетте Иранның  президенттік сайлауын өткізу үшін дауыс беретін жәшіктерін орналастырды»,- деді.

Ғасеми Канада да Иранның президенттік сайлауын өткізуге қатысты Теһран мен Оттаваның арасында саяси қарым-қатынастың жоқтығына сілтеме жасап, дегенмен, сайлаудың Канадада да  өтетіндігіне үміт білдірді.