Гүлстан облысының Азадшахр кен орнында болған жарылыста 21 адам қаза тапты
Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысының Дағдарысты басқару орталығының бас директоры осы облыстың Азадшахр қаласындағы «Земестан Юрт» кен орнының шахтасында қамалып қалған 21 адамның қаза болғанын хабарлады.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Садық Әли Мұқаддам сәрсенбі күні кешке: «Шамамен 35 адам жарылыс салдарынан осы шахтада қамалып қалды. Құтқарушылар 21 адамның мәйітін тапты. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр»,-деп хабарлады.
Азадшахр қаласындағы «Земестан Юрт» көмір кен орнында сәрсенбі күні түсте жарылыс болды.
Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысының Азадшахр қаласындағы «Земестан Юрт» кен орнында болған жарылыс салдарынан кеншілердің қаза болуына байланысты бұл облыста 3 күндік аза жарияланды.