Азадшахр қаласының кен орнындағы апатта қаза болғандардың саны 26 адамға жетті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i26766-Азадшахр_қаласының_кен_орнындағы_апатта_қаза_болғандардың_саны_26_адамға_жетті
Иранның жедел жәрдем қызметінің басшысы елдің солтүстігіндегі Гүлстан облысының Азадшахр қаласындағы «Земестан Юрт» кен орнында болған жарылыс салдарынан шахтада қамалып қалған тағы 4 адамның мәйітін шығарғаны туралы хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 05, 2017 14:25 Asia/Almaty
  • Азадшахр қаласының кен орнындағы апатта қаза болғандардың саны 26 адамға жетті

Иранның жедел жәрдем қызметінің басшысы елдің солтүстігіндегі Гүлстан облысының Азадшахр қаласындағы «Земестан Юрт» кен орнында болған жарылыс салдарынан шахтада қамалып қалған тағы 4 адамның мәйітін шығарғаны туралы хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Пирхосейн Коливанд бейсенбі күні кешке  тағы 4 адамның мәйітінің табылуымен апатта қаза болғандар санының 26 адамға жеткені туралы мәлімдеді. Бұдан бұрын «Земестан Юрт» кен орнында қаза болған 22 адамның мәйіті табылған болатын.

Сәрсенбі күні орын алған Азадшахр қаласындағы «Земестан Юрт» шахтасындағы жарылыс салдарынан 70-тен астам адам жарақат алды.  Мәліметтер сәйкес, шамамен тағы 30 адам әлі шахтадан шыға алмай, қамалып жатыр. Оларды құтқару бойынша жедел жәрдем жұмыстары жалғасуда.