Иран дизель отынын экспорттаушыға айналды
(last modified Sat, 06 May 2017 16:28:13 GMT )
Maм 06, 2017 22:28 Asia/Almaty
  • Иран дизель отынын экспорттаушыға айналды

Иран ислам республикасының Мұнай министрі Зангане: «Үкіметтің талпыныстарымен Иран дизель отынын импорттаушыдан экспорттаушыға айналды» деді.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане  Теһранда мұнай, газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия тақырыбында өткен 22-ші халықаралық көрменің ашылу рәсімінде: «Иранның алтыншы даму бағдарламасы бойынша мұнай-химия өнеркәсібіне 40 млрд доллар инвестиция салу керек.

Алдағы екі жылға дейін шамамен 80 млрд доллар жаңа мұнай келісімшарттары түрінде қол қойылады. Соның 50 млрд доллары ішкі бөлімде жұмыс істеуге бөлінеді.

Жаңа мұнай келісімшарттарында ирандық мердігерлерге басымдық беріледі. Иран өткен үш жарым жылдың ішінде "Оңтүстік Парс" ортақ кенішінен газ өндіру мөлшерін  екі есе арттырды. Осы газ кенішінен газ өндірісі күніне 285 млн текше метрден күніне 575 млн текше метрге ұлғайды» деді.

Мұнай, газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия саласындағы 22- ші халықаралық көрме сенбі күні жүздеген ирандық компания мен әлемнің 37 елінен 1500 шетелдік компанияның қатысуымен Теһранда өз жұмысын бастады.

 

 

Тегтер