Maм 06, 2017 23:05 Asia/Almaty
  • Кез келген саяси ұсынысты алдымен Сирия үкіметі мен халқы қабылдауы керек

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Велаяти: «Сирия дағдарысын шешу үшін әр тараптан ұсынылатын әрбір саяси ұсынысты егер, Сирия үкіметі мен халқы қабылдаса, мақұлдауға болады» деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти сенбі күні Теһранда Германия Сыртқы істер министрінің орынбасары Маркус Едерерді қабылдаудан кейін тілшілерге берген сұхбатта: Қазақстанның елордасы Астанадағы Сирия бейбітшілік отырысының төртінші кезеңіндегі Сирияда қауіпсіз аймақтар құру негізіндегі келісім бастапқы келісім болып табылады.

Иран ислам республикасының ұстанымы бойынша аймақтың қиыншылықтарын шешудің әскери шешім жолы жоқ. Аймақтағы түйткілдерді шешу саяси шешім жолын қажет етеді. Сондықтан барлық тараптар келіссөз үстелінде оң нәтижелерге жетуі керек.

Иран мен Ресей лаңкестердің құзырын тоқтатуға, Сирияға Сирия үкіметінің толық билігін қайтаруға және бөгделерді шығаруға, Сирияның үкіметі мен халқына өздерінің жер тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғауға көмектеседі» деді.

 

 

Тегтер