Ирандағы Азадшахр оқиғасында құрбан болғандардың саны артты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i26842-Ирандағы_Азадшахр_оқиғасында_құрбан_болғандардың_саны_артты
Иранның Голестан облысындағы Азадшахрдағы кен орындарында орын алған оқиға кезінде құрбан болғандардың саны 13 мәйіттің табылуымен 35 адамға жетті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 08, 2017 09:46 Asia/Almaty
  • Ирандағы Азадшахр оқиғасында құрбан болғандардың саны артты

Иранның Голестан облысындағы Азадшахрдағы кен орындарында орын алған оқиға кезінде құрбан болғандардың саны 13 мәйіттің табылуымен 35 адамға жетті.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Голестан облысының дағдарысты басқару мекемесінің бас директоры Садық Әли Моқаддам дүйсенбі күні: "Кен орындары тоннелдерінде қалған мәйіттерді шығару бойынша көмек көрсету күштерінің құтқару жұмыстары жалғасуда",- деп мәлімдеді.

Азадшахрдағы "Земестан Юрт" көмір кен орнындағы жарылыс өткен аптада мамырдың үші, сәрсенбі күні орын алған болатын.

Азадшахрдағы көмір кен орны Голестан облысының орталығы Горган қаласының шығысынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан.