Иранның үлгі боларлық қауіпсіздігі әскери және қауіпсіздік күштерінің талпыныстарына қарыздар
Иранның Жоғарғы Соты Амоли Лариджани Иранның үлгі боларлық қауіпсіздігін әскери, қауіпсіздік және полиция күштерінің талпыныстарына қарыздар деп атады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Жоғарғы Соты аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні Соттың жоғары басшыларының отырысында шағбан айының мейрамдарымен, әсіресе шиіттердің 12-ші имамы хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның туған күнімен құттықтап: «Иранның Қауіпсіздік министрлігінің күштері бұл елде қауіпсіздік пен тыныштық орнатуда маңызды рөл атқарды»,- деді.
Аятолла Амоли Лариджани сонымен бірге мамырдың 19 күні өтетін Иранның 12-ші президенттік сайлауына тоқталып, ұлттық күш-қуат пен елдің қауіпсіздігін көрсету үшін халықтың дауыс беруге жаппай қатысуы қажеттігін қуаттады.