Зариф Канада Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Tue, 09 May 2017 14:19:00 GMT )
Maм 09, 2017 20:19 Asia/Almaty
  • Зариф Канада Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Сыртқы істер министрі дүйсенбі күні кешке Канада Сыртқы істер министрі Христя Фриланд ханыммен Канадада тұратын ирандықтар үшін Иранның он екінші президенттік сайлауын өткізу жөнінде сұхбаттасты.

Мұхаммад Джавад Зариф телефон арқылы сұхбатта сол елде тұратын ирандықтардың Канадада президенттік сайлауды өткізу туралы өтініштері және олардың талабын қабылдау қажеттігіне сілтеме жасап: «Шетелде тұратын ирандықтар елдің ішіндегі азаматтар сияқты президенттік сайлауға қатысып, елдің келешегін анықтауға атсалысқысы келеді» деді.

Канада Сыртқы істер министрі Фриланд ханым да Канададағы ирандықтардың оң құзырына сілтеме жасап: «Канада үкіметі осы елде тұратын ирандықтар үшін президенттік сайлауды өткізудің маңыздылығын біледі, бірақ қазіргі жағдайда, яғни екі ел арасында саяси байланыстың жоқтығы және өзге елдердің азаматтары үшін сайлаулар өткізу жөніндегі ішкі ережелерге байланысты мәселені бірнеше қырынан қарастырып шешу керек» деді.

Канада СІМ-нің бір саяси делегациясы екі елдің байланыстары туралы Иран ислам республикасы СІМ-нің қайраткерлерімен келіссөз жүргізу мақсатында Теһранда сапармен жүр.